авто из германии
Gta android скачать

Наурыз – көктемгі жаңару мерекесі

. Posted in

Шығыс халықтарына ортақ үлкен мейрам Наурыз -ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Бірліктің, татулықтың, ізгіліктің, бақыттың мерекесі болып саналады. ШЖҚ «Облыстық кардиологиялық орталығы» МКК аталған күнге орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Ән айтып , би билеп, ұлттық салт-дәстірлердің бірінен «Бесікке салу рәсімі» сахналанды.Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті Наурыз мерекесі баршаңызға құтты болсын. Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт – береке , әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, бақыт пен молшылық әкелсін!
Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз. Барлық игілікті істер табыспен аяқталып, жемісті еңбек тек қана қуаныш әкелсін. Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын! Әрқашан жаныңыз ізгі, көңіліңіз көтеріңкі болсын. Наурыз амандық, қуаныш, жақсылық әкелсін.Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!.