авто из германии
Gta android скачать

«Кардиологияда интервенциялық емдеу әдістері -скаффолд –магмарис стентін орнату»тақырыбында шеберлік класс

. Posted in

 

           2017 жылғы 09 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысының кардиологиялық орталығы базасында, Алматы қаласы қалалық клиникалық ауруханасының профессоры, интервенциялық кардиолог Сахов Оразбек Сраиловичтің қатысуымен шеберлік класс оздырылды. Аталған шараның жұмысына облыстық кардиологиялық орталықтың дәрігер рентгенхирургтары қатысты.

Маманның келу мақсаты: кардиологиялық және кардиохирургиялық науқастарға медициналық көмек көрсету, имплантациялау, ишемиялық жүрек ауруларымен ауратын науқастарға жаңа ұрпақтағы адам ағзасында тарап кететін скаффолд –магмарис стентін орнату, интервенциялық диагностикалау және емдеу әдістеріне (коронарлық зерттеулер, стенттеу) тәжірибе алмасу.

Осы жоғары технологиялық хирургиялық отаны жасаған дәрігер рентгенхирург Гусманов Талғат Серікұлы.

 

 

 Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі