авто из германии
Gta android скачать

«Дүниежүзілік инсультпен күресу күніне орай «Ашық есік күні!»

. Posted in

 

 

         Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында , 2017 жылғы 27 қазанда облыстық кардиологиялық орталықтың базасында «Дүниежүзілік инсультпен күресу күніне!» орай Ашық есік күні оздырылды.

 

         Жүрек қан тамыры ауруларынан болатын 80%-дан аса өлім-жітім дерегі еркектер мен әйелдер арасында бірдей, жыл сайын жүрек қан тамыры ауруларынан 17,5 милион адам көз жұмады.

         Инсульттің салдарынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 1000 адам жасына шаққанда, 1,08-ді көрсетіп, жалпы өлім-жітім құрылымының 26 %-ын құрайды.

Инсульттің қаупі жас ұлғайған сайын арта береді, дегенмен инсульт кез келген жастағы ересек адамдар арасында ұшырасуы мүмкін және кездесіп те жатыр. Өмір салтын дұрыс ұстанбау физикалық денсаулыққа жоғары артериялық қан қысымы, қан құрамындағы қант пен майдың мөлшерінің жоғары болуы секілді қиындықтарға алып келуі мүмкін, ол өз кезегінде инфаркт пен инсультке шалдығуға қатысты аса маңызды қауіпті фактор болып табылады.

           Дүниежүзілік инсультпен күрес күнінің шеңберінде өткізілетін шараның негізгі мақсаты қанайналымы жүйесі ауруларының, инсульттің алдын алу, дұрыс мінез-құлық түрін таңдау мен қолдауға қатысты халықты жігерлендіруді арттыру, инсульт мәселесі, инсульттің алғашқы белгілері, дұрыс және уақытында алғашқы көмек көрсетудің маңызы туралы хабарлауды арттыру, денсаулыққа ортақ жауапкершілікті арттыру болып табылады.

       «Ашық есік күні» шарасы барысында облыстық кардиологиялық орталықтың кардиологтары облыс және қала тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп, өз кеңестерімен бөлісті.

 

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.