авто из германии
Gta android скачать

«Дертке шалдықпай тұрғанда:жүрегіңді құтқар!»

. Posted in

2017 жылғы 28 қыркүйекте, сағат 14.00-де, облыстық кардиологиялық орталықтың базасында «Дертке шалдықпай тұрғанда: жүрегіңді құтқар!» тақырыбында Дүниежүзілік қан қысымы ауруларымен күрес күніне орайластырылған дөңгелек үстел өткізіледі.

Мақсаты: қоғамның назарын қан айналым жүйесінің ауруларымен туындаған проблемалардың өзектілігіне аудару, олардың денсаулығы үшін ынтымақтастықты нығайту, қан айналым жүйесі ауруларын ерте анықтау және олардың асқынуын болдырмау бойынша шаралар туралы хабардар болуды арттыру.

Жүрек қан тамыр аурулары бүкіл әлемде өлімнің негізгі себебі болып табылады. Жыл сайынғы бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының санағы бойынша жүрек ауруларының салдарынан 14 милионға жуық адам көз жұмады. Сонымен қатар, жүректің ишемиялық ауруларынан 7,2 млн адам, ал 5,7 млн адам инсульттің салдарынан өледі.

Батыс Қазақстан облысындағы жағдай қандай?

Біздің өңірде жүрек ауруынан болатын өлім-жітім төмендей ме?

Жүректі және жүрек қан тамырларын қалай сақтау керек? деген сұрақтарға мамандар жауап береді.

Дөңгелек үстелге Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының мамандары, штаттан тыс бас кардиолог, облыстық кардиологиялық орталықтың орынбасарлары, кардиолог, кардиохирургтар, БҚО салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары және БАҚ өкілдері қатысады.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.