авто из германии
Gta android скачать

Терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін қылмыстық жауапкершілік!

Автор: sagiev88 . Опубликовано в

Өткен 2019 жылы Батыс Қазақстан облысында терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру бойынша 4 факті тіркеліп, оның бәрі ізі суытылмай анықталып ашылды.

Анонимдік хабарлама берудің негізгі мотиві мас күйіндегі азаматтардың бұзақылық ниеттері.

Атап айтқанда, жалған анонимдік хабарлама берген «Ш.А.» деген Орал қаласының тұрғынына «Терроризм актісі туралы жалған хабарлама» Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 273 бабы бойынша 2,6 жылға бас бостандығын шектеу жазасытағайындалып, келтірілген шығындар (жедел медициналық жәрдем, өрт сөндіру мен апаттан құтқару қызметтерін, жедел тергеу топтары мен арнайы жасақтарды шақырту мен жұмыс істеуі)қайтарылды.

Ата-аналар мен жасөспірімдердің назарына – аталған бап бойынша қылмыстық жауапкершілік14 жастан басталады.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру көп жағдайларда адамдар арасында абыржу, тәртіпсіздік туғызады, мемлекеттік басқа да мекемелердің, кәсіпорындардың, көліктің бірқалыпты жұмыс істеу ырқын бұзады. Мұндай хабарлауға сенген мемлекеттік органдар, жекелеген адамдар әбігерге түсіп, дайындалып жатқан террорлық актіні тойтару үшін ұйымдастырушылық техникалық шаралар өткізуге мәжбүр болады.

Жергілікті халықтың назарына, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар берген тұлға құқық қорғау органдарында бар заманауи техникалық мүмкіндіктері арқылы тез арада анықталып құрықталады.

БҚО Терроризмге қарсы комиссия аппараты

Мекенжай анықтамаларын беру тоқтатылады

Автор: sagiev88 . Опубликовано в

Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы талап етілмейді және мемлекеттік қызметтер реестрінен алынып тасталатын болады. Яғни, еш мемлекеттік орган, мектеп не медициналық мекеме азаматтардан мекенжай анықтамасын 1 қарашадан бастап сұрата алмайды. Оны «Азаматтарға арналған үкіметтің» филиалдарынан да, электронды үкімет порталынан да алу мүмкіндігі болмайды.

Қажет болған жағдайда қазақстандықтар тіркеуге тұрған мекенжайларын egov.kz электронды үкімет порталы мен eGov mobile қосымшасындағы жеке кабинеті арқылы тексере алады.

Мемлекеттік органдарға келетін болсақ, олар бұл мәліметті ішкі істер министрлігінің деректер базасымен интеграцияланған ақпараттық жүйелері арқылы алатын болады.

Сонымен бірге, азаматтардың мекенжай тіркеуі туралы ақпаратты сұратуы мүмкін басқа ұйымдар, соның ішінде жеке компаниялар egov.kz электрондық үкімет порталындағы үшінші тұлғаларға анықтама беруге мүмкіндік беретін сервисті пайдалана алады. Бұл тек азамат бір рет ақпарат алуға рұқсат беретін SMS-ке келісім бергенде ғана жүзеге асатын операция.

Мұндай SMS алу үшін азамат “Мобильді азаматтар” базасында тіркелуі тиіс. Тіркеуді әр азамат өзі жүргізе алады (egov.kz порталындағы “Жеке кабинетке” кіріп, “телефон” бағанында өз телефонының нөмірін көрсету немесе өзгерту қажет және оны өзінің ЭЦҚ-мен растауы керек) немесе ХҚКО-ның кез келген бөлімшесіне жүгінсе болады (қызмет тегін көрсетіледі және 5 минут уақытыңызды алады).

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы сараптама жүргізіп, қазақстандықтардың жыл сайын әртүрлі ұйымдарға ұсыну үшін 20 миллионнан астам анықтаманы басып шығаратынын анықтады, олардың жартысына жуығы – мекенжай анықтамалары. Мекенжай анықтамалары негізінен жұмысқа орналасу, балаларды мектеп пен балабақшаға тіркеу, банк қызметтерін алу кезінде, сондай-ақ әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін сұратылған. Осылайша, мекенжай анықтамаларының күші жойылған кезде азаматтардың ХҚО-ға келу саны 10 миллион есе азаяды.

 

«Реконструкция пороков клапанов сердца» шеберлік класс

Автор: sagiev88 . Опубликовано в

ШЖҚ «Облыстық кардиологиялық орталық» МКК базасында 2018 жылғы 14,15 қараша күндері сағат 9:30-да Астана қаласы «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ мамандарының (кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, м.ғ.д Албазаров Әділжан Бауыржанұлы, кардиолог –эхографист Нуракаева Сәуле Серікқызы, анестезиолог-перфузиолог Алтенов Кенжебек Сабырұлы) қатысуларымен «Реконструкция пороков клапанов сердца» тақырыбы бойынша шеберлік класс оздырылады.

Шеберлік класты өткізу мақсаты: тұрғындарға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету, мамандардың тәжірибе алмасуы болып табылады.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Астана қаласы, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының дәрігер кардиохирургі медициналық кеңес берілді

Автор: sagiev88 . Опубликовано в

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ 2018 жылғы 09 қаңтардағы №5-0 «Көшпелі дәрігерлік бригадалардың құрамын және республика өңірлеріне жоспарлы шығулар кестесін бекіту туралы» бұйрығы негізінде, кестеге сәйкес ауруханаға жатқызу үшін пациенттерді іріктеу бойынша БҚО денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық кардиологиялық орталық» МКК базасында 2018 жылғы 5-6 қазан күндері Астана қаласы, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының дәрігер кардиохирургі Медресова Әсел Тұрарқызы тұрғындарға медициналық кеңес береді.

 

«Менің жүрегім, сенің жүрегің!»

Автор: sagiev88 . Опубликовано в

2018 жылдың 19-28 қыркүйек күндері аралығында ШЖҚ «Облыстық кардиологиялық орталық» МКК базасында Дүниежүзілік жүрек күніне ұштастырылған қан айналымы жүйесі ауруларын алдын алу жөнінде «Менің жүрегім, сенің жүрегің!» ұранымен өткізілетін Дүниежүзілік Жүрек күніне орайластырылған онкүндік ісшара өткізіледі.

Ісшараның мақсаты: аурулардың пайда болу қаупін азайту мақсатында зиянды өнімдер мен темекі өнімдерін пайдаланудан аулақ жүріп, салауатты өмір салты қағидаларын ұстана отырып, жүрек қан тамырлары ауруларын алдын алудың маңыздылығы туралы тұрғындарды ақпараттандыру және қан айналымы жүйесі ауруларын ерте анықтау, олардың асқынуын болдырмау бойынша шаралар туралы хабардар болуды арттыру.

Жүрек қан тамыр аурулары бүкіл әлемде өлімнің негізгі себебі болып табылады. Жүрек қан тамыры ауруларының пайда болуына төмен физикалық белсенділік, зиянды тағамды пайдалану, темекі шегу және ішімдікке салыну сияқты басты қауіп факторлары алып келеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

Автор: sagiev88 . Опубликовано в

Құрметті қазақстандықтар!

 

         Сіздерді еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі, азаматтығымыздың айшықты айғағы – Конcтитуция күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

         Бұл мереке – ұлттығымыздың уығын тіктеп, шаңырағын шарықтататын Ата Заңымыз қабылданған ұлық күн. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары. Ол еліміздің тұрақтануы мен өркендеуінің негізі мен кепілі.

         Осынау мәні терең , мерейлі мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халық игілігі жолындағы мақсатты істеріңізге сәттілік тілейміз! Ата Заңды ардақ тұтқан өнегелі еліміз өркендей берсін!

 

БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының

ШЖҚ «Облыстық кардиологиялық орталық МКК ұжымы.»