29.09.21 Прошла передача «Күншуақ» на телеканале «Казахстан Орал», которая была посвящена всемирному дню сердца.
Кардиохирургии рассказали о том, как позаботиться о своём сердце. Об основных факторах риска развития заболеваний. К числу самых неблагоприятных рисков для сердца и сосудов относятся наследственность, а также курение, злоупотребление алкоголем, низкая физическая активность, ожирение и сахарный диабет.

Адамға өмір бір-ақ рет беріледі. Ал, саулығыңызды дерт меңдеп, өміріңізге қатер төнген шақта, оған араша түсетін дәрігерлер десем, артық айтқандық болмас?! Сондықтан да, осы хатым арқылы дәрігерлерге алғыс айтуды жөн көрдім.
Мен көп жылдық өтілі бар, зейнет жасындағы ұстазбын. Соңғы жылдары саулығым сыр беріп, жұмысты да толық қойғанмын. Алайда, дендеген дерт өзінікін алмай қоймайды екен. Осы жылдың 9 тамызы күні жүрек талмасына түсіп, ес-түсімді білмейтін жағдайда болыппын. Осыған орай мені жұбайым мен қыздарым жедел жәрдемнің көмегімен облыстық кардиологиялық орталыққа түсіріпті.
Ауруым тым ауыр болса керек, дәрігерлер, жедел түрде 8 сағат бойына күрделі ота (операция) жасап, өмірімді сақтап қалды. Ауруханада жатып, есім кіргеннен кейін, мұнда өз ісінің нағыз білікті мамандары жұмыс істейтініне көз жеткіздім. Айтайын дегенім, ауруханадағы тазалық, қызметкерлердің ілтипаты, науқастармен қарым-қатынастары көңіліме медеу болды. Олар науқастардың көңілдерін көтеріп, өмірге деген құлшыныстарын арттырып жүреді екен. Арасында маған да — ертең-ақ тұрып кететінімді айтып, жұбатып қояды. Осылайша ақ халатты жандардың аялы алақандарының жылуын сезіндім. Мұның өзі жаныма дем берді.
Науқастарға мейірімді болу, шамасы келсе өзгелерге жақсылық істеуге, үлкенді сыйлау мен кішіге қамқорлық жасауға ұмтылу – ұлтымызды ұшпаққа шығаратын ұлы адами қасиеттер деп есептеймін. Сондықтан да, менің аяғымнан тұрып кетуіме қатты еңбектенген, науқастарға деген жан жылуларын аямайтын, кәсіби шеберліктері жоғары облыстық кардиологиялық орталықтың ұжымына өз ризашылығымды білдіргім келеді. Әсіресе, орталықтың директоры Ақтілек Армандаұлы Өмірбаевқа, бөлім меңгерушісі Сәбитхан Уәлиханович Пернехановқа, кардиохирургтер Тимур Муратович Бавгашев пен Яхия Сәбитұлы Әмзебекке, анестезиолог Ертай Сержанович Сатыбалдинге, перфузиолог Нурия Казбековна Жалмурзинаға, медбикелер Сартаева Назгүлге, Кубалиева Әлияға, Пайдина Жанарға, Габдуалиева Айгүлге, Сабергалиева Әлияға, Сейталиева Алтынайға, Мухтарова Қайырлыға, Кулакова Сангүлге Нуркенова Викторияға және Кудайбергенова Оралгулге алғысым шексіз.
Сіздердей ақ халаттты патриот – азаматтардың арқасында еліміз еңсесі биік, іргесі берік дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінері сөзсіз. Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, дендеріңіз сау, еңбектеріңіз жемісті болсын. Отбастарыңызға баянды бақыт тілеймін!

Ізгі ниеттермен,
еңбек ардагері, ұстаз Қадырбаева Үмітханым Меңдіғалиқызы @kardio.zko
@batys_medicina

Уважаемые жители!
ГКП на ПХВ «Областной кардиологический центр» приглашает Вас на онлайн –прием с директором Умирбаевым Актилеком Армандиевичем посредством Zoom, которая будет проводиться каждый вторник в 12:00 часов.
Вам необходимо записаться на онлайн – прием через колл-центр ОУЗ по номеру телефона 24 – 00-06. Далее Вам WhatsApp будет направлена ссылка для подключения к конференции Zoom.

ШЖҚ «Облыстық кардиологиялық орталығы» МКК -сы кәсіподақ комитеті» Мектепке жол» науқаны аясында мекеме қызметкерлерінің 1 — сыныпқа баратын бүлдіршіндеріне оқу құралдарын табыстады және де көп балалы аналар мен жалғыз басты аналарғада материалды көмек көрсетілді. Жалпы сан: 29.

За минувшие сутки общее число случаев заболевания COVID-19 в Казахстане возросло на 6358 и достигло 761 249.

Об этом сообщается на сайте Министерства здравоохранения Казахстана.

Общее количество летальных исходов, вызванных коронавирусной инфекцией, в стране достигло 8758.

Ранее министр здравоохранения Казахстана Алексей Цой назвал три сценария развития эпидемиологической ситуации с коронавирусом в республике.